Ғазизхан Шекербеков − Мен сені сағындым
Cm
Қарғам-ау, хат-хабарсыз қайда кеттің?
F
Сен бәлкім бұлттан асып, айға жеттің!
A#
Өзіңді аңсауменен,
Бақытты болсам деген,
D#
Ойымды ойда жоқта ойран еттің.
Cm
Ұзатпай келуші еді құс-хаттарың,
F
Ұштың да қарлығаштай ұстатпадың.
A#
Күн өтті сағат бойлап,
Арқама қанат байлап,
D#                           D
Артыңнан қуып жетер күш таппадым.


Cm
Мен сені сағындым!
F
Келмей ме қасымнан табылғың?
A#
Көркіңді көруге зәрумін!
D#
Көрінбей кетердей неә қылдым?
Cm
Мен сені сағындым,
F
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!


A#
Кешегі күндермен ауырдым,
D#
Ертеңгі күндерден тәуірмін.
D
Сені бір көрсем екен!


Cm
Айнала шомылғанда ай нұрына,
F
Аққудай қонбайсың ба айдыныңа?
A#
Мен сені сүйер едім,
Сен мені дүниенің,
D#
Кетсең де айырбастап байлығына!
Cm
Көзіңнен түпсіз терең теңіз көрем,
F
Өзіңнен үмітімді мен үзбегем.
A#
Шөлдесең тілегіме,
Ұядай жүрегіме,
D#                           D
Келерсің көгершіндей жем іздеген.


Cm
Мен сені сағындым!
F
Келмей ме қасымнан табылғың?
A#
Көркіңді көруге зәрумін!
D#
Көрінбей кетердей неә қылдым?
Cm
Мен сені сағындым,
F
Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
A#
Кешегі күндермен ауырдым,
D#
Ертеңгі күндерден тәуірмін.
D
Сені бір көрсем екен!