Қазыбек Құрайыш − Ойладың ба мені?
F#m Bm
Әндерін салып ұшып аққулар жеткенде
E A
Құлпырған ару көктемде
D Bm
Жүректі жарып ұшып сезімдер өткенде
C# F#m
Ойладың ба мені?
F#m Bm
Балауса балғын шөбі жайқалған бөктерге
E A
Күн нұрын шашып төккенде
D Bm
Самалдың салқын лебі бетіңнен өпкенде
C# F#m
Ойладың ба мені?
Bm E A D
Көңілсіз кештерде ойладың ба мені
G#m C# F#m
Ойлардың шырмалған орамында
Bm E A D
Көп жылдар өтсе де ойладың ба мені
G#m C#
Ойладың ба мені
F#m
Ойладың ба
F#m Bm
Жарқырап жарық жұлдыз аспанда жанғанда
E A
Көз ілмей күткен таңдарда
D Bm
Жабырқап жаның жалғыз кейде бір қалғанда
C# F#m
Ойладың ба мені?
F#m Bm
Кемері көлдей тасып ақ жауын жауғанда
E A
Ағаштар бүршік жарғанда
D Bm
Мөлдіреп мөлдір тамшы жанардан тамғанда
C# F#m
Ойладың ба мені?