Жұбаныш Жексенұлы − Ауылым аңсадым
Em                      Am
Ауылда өстім,  Шаңына аунап, еркелеп.
D                       G
Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек.
C                       Am
Асығып алдан бақытым күтіп тұрғандай,
B7                              (Em)
Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп.


Em                      Am
Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы,
D                       G
Жолдарын жуған нөсерлі жылы жауыны.
C                       Am
Бәрі де ғажап, Сағынған кезде бірақ та,
B7                              (E)
Аңсарым ауып, іздедім сен ауылым.
 

Am                      Em
Ауылым, аңсадым,  Аппақ таңыңды.
B7                      (Em)
Тұнық кешіңді, алма бағыңды.
Am              D       G
Өзіңе барып, қуып сағымды,
B       B7              Em
Іздеймін бала, балғын шағымды.


Em                      Am
Достармен бірге саялап сая-бақтарын,
D                       G
Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды.
C                       Am
Жадырап, жайнап, өтсе де жарқын күндерім,
B7                              (Em)
Ауылды аңсап, жаныма сая таппадым.


Am                      Em
Ауылым, аңсадым,  Аппақ таңыңды.
B7                      (Em)
Тұнық кешіңді, алма бағыңды.
Am              D       G
Өзіңе барып, қуып сағымды,
B       B7              Em
Іздеймін бала, балғын шағымды.


Em                      Am
Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа,
D                       G
Өзіңді іздеп,  кеттім ауылдан жыраққа
C                       Am
Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне
B7                              (Em)
Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.