Мейрамбек Беспаев − Ауылға сәлем
Bm F# Алматыда бір ұлың сәлем деді дегейсің, Em Bm Сәтін салса құдайым келем деді дегейсің, Em G Bm Көңіл-күйін байқатпай, кейде жүрер жол таппай, Am B Em Сағыныштың сызығы тереңдеді дегейсің. G Алматыда бұл күнде симай-ақ жүр дегейсің, F#m Bm Туған жерін, достарын қимай-ақ жүр дегейсің, Em G Bm Қалмағандай тірегі, шытынаған жүрегі, Em F# Bm Амал қанша әйтеуір, қирамай жүр дегейсің. Bm F# Алып ұшқан көңілі басылып жүр дегейсің, Em Bm Жүдегенін жанының жасырып жүр дегейсің, Em G Bm Жылу іздеп іздерден, сағыныштай күз көрген, Am B Em Шаршаңқырап бұл күнде шашылып жүр дегейсің. G Күтіп жүрген жоқ әзір кәрілікті дегейсің, F#m Bm Сыйласатын досының бәрі мықты дегейсің, Em G Bm Жалғыз өскен шынардай, өкінішін шығармай, Em F# Bm Ағайынды, ауылын сағыныпты дегейсің. Cm G Шашына да аз күнде ақ кіріпті дегейсің, Fm Cm Көңілінің көліне қақ тұрыпты дегейсің, Fm G# Cm Тойы болды керемет, шақырғанмын келер деп, A#m C Fm Ағайынды сол күні қатты күтті дегейсің. G# Күрмеуге де қысқа жіп келмейді екен дегейсің, Gm Cm Тірі жанға тіршілік, өлмейді екен дегейсің, Fm G# Cm Айтқанының бәрі шын, жалғыз шыбын жан үшін, Fm G Cm Ешкімге де намысын бермейді екен дeгейсің, Cm G Байлық пенен мансапқа қызықпапты дегейсің, Fm Cm Кейде ішпейтін ортада қызып қапты дегейсің, Fm G# Cm Белгі болып бұл күннен күн сайынғы кірбіңнен, A#m C Fm Жүрегінде өшпейтін сызық қапты дегейсің. G# Жаңалығын ел жақтың біліп жатыр дегейсің, Gm Cm Қиындыққа сыналып кіріп жатыр дегейсің, Fm G# Cm Өз-өзінен байланып, жолға қарап ойланып, Fm G Cm Алматыда бір ұлың жүріп жатыр дегейсің.