Нұр сыры − Жалғыз жүрек
Am_____________________F
Қалай ғана шын ғашықтар бірінің көңілін табады
G_____________________E
Жан тәніммен сүйiп едім еліктей сұлу дараны
Am___________________F
Тез арада түс секілді ғайып болды өмірден
G______________________E
Жалғыз жүрек жанымды өртеп тәнімді өртеп барады

Мәнісі кетіп өмірімнің өзгерді заман ағыны
Тұла бойым өртке айналды лапылдаған жалыны
Мен бір жанмын байқаусызда шоққа түскен табаны
Жалғыз жүрек жанымды өртеп тәнімді өртеп барады

Түсінбедің айттым саған жүректегі жан сырымды
Ернің қандай қып қызыл шиедей бал шырынды
Саған деген махаббатым ақсақ құландай сан сүрінді
Сүйем деп сені ашып та салдым кеудемдегі бар шынымды

Басым менің шыр айналды теңедім сені елікпен
Балдай сөзің сезімімді елжіреткен еріткен
Махаббатым лайланды жаным сенен не күткем
Осы кунге сүйдім сені ғашық болдым неліктен?

О-о-о е-е-е а-а-а

Кінә жоқ дейді жолдастарым аяулы менің достарым
Келмейді менің тағы бір нәрсе жағымсыз қылып бастағым
Өмір деген зуылдайды өте шығар қас қағым
Жас шағыңда махаббатты ластадың ау ластадың

Айтарым менің достарыма махаббаттан жалықпа
Өмірге деген сүйіспеншілік махаббаттан табар жол
Шын сүйсең егер еш уақытта қасіретке жолықпа
Бұл жалғанда ғашықтыққа, махаббатқа адал бол